Тарихи сәттегі таңдау

534

0

Тәуелсіз Қазақстан тарихында жалпыхалықтық дауыс беру осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін алғашқы референдум осыдан 27 жыл бұрын өтіпті. Ел жылнамасында биылғы жылдың 5 маусымы ерекше оқиғамен есте қалары анық. Өйткені Жаңа Қазақстанды құруға көпшіліктің белсенді қатысқанын айтуымыз керек.

Жексенбіде өткен референдумның негізгі мақсаты – Конституцияға өзгеріс жасау. Ата Заңның 33 бабына 56 өзгеріс енгізу ұсынылғаны белгілі.

Атаулы күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев №101 мектеп-лицейде орналасқан №263 референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Саяси шарада қала тұрғындарымен бірге өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, аймақта 373 учаске бар. Онда 462685 дауыс беруші тіркелген. Сондай-ақ облыс орталығына аумақтық референдум комиссияларынан келген мәліметтерге сәйкес, өңірде 369909 азамат өз таңдауын білдірген. Бұл тізімдегі дауыс берушілер санының 79,89 процентін құрап отыр.

Суретті түсірген Б.ЕСЖАНОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<