Тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан әйел босанды

158

0

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторында жазасын өтеп жатқан әйел босанды, деп хабарлайды.

Ол үшінші перзентін дүниеге алып келді. Азаматша алаяқтығы үшін 3 жыл 6 айға сотталған.

«Азаматша Қызылорда қаласындағы Ана мен бала орталығында босанып, үшінші перзентін дүниеге алып келді. Оны ЗК-169/1 мекемесінің әкімшілігі алғашқы кезектегі қажетті заттар және тиісті азық-түлігімен қамтамасыз етті. Қазір ана мен баланың денсаулығы бірқалыпты. Мекеме әкімшілігі нәрестенің құжаттандыру жұмыстарымен айналысуда», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Әділжан ҮМБЕТ


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз