Терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті

230

0

Фото: Сырдария ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы аудандық комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына тиісті мекеме басшылары мен ҚРҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Қармақшы аудандық бөлімшесі бастығының орынбасары Бауыржан Раханов қатысты.

Комиссияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірншісі – дәстүрлі емес діни ағымдардың жергілікті тұрғындар арасында таралуын болдырмау бағытында ақпараттық түсіндірмелік тобымен 2023 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері және ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспары мен құрамы туралы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Бейбіт Смайлов хабарласа, екінші мәселе – 2023 жылы аудан аумағындағы террористік тұрғыдан осал объектілерге жүргізілген тексерулердің қорытындысы және аталған объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жетілдіру шаралары туралы аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Азамат Оспанов баяндады. Ал жергілікті жерлерде діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бойынша атқарылған профилактикалық шараларды жүзеге асыру туралы Тереңөзек кенті әкімінің орынбасары Ғани Нұртазаев ақпарат берді.

Комиссия отырысының қорытындысында аудан басшысы жауапты мекеме басшыларына арнайы тапсырмалар берді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<