Тойхана отбасылық мейрамханаға айналды

711

0

Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай мен карантиндік шараларға сәйкес бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен «Covid-19» алдын алу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кейбір кәсіпкерлік қызмет түрлеріне, оның ішінде тойханалардың қызметіне тыйым салынғаны белгілі.

Пандемия әсерінен облыста тіркелген 128 тойхананың қызметтері тоқтатылған болатын.


Осыған байланысты, зардап шеккен кәсіпкерлік нысандарын қайта жандандыру мақсатында «Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары» әзірленді. Жоспар аясында тойхана қызметінің бағытын ауыстыруға ниет білдірген кәсіпкерлерге «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығымен жан-жақты қолдаулар көрсетілуде.


Нәтижесінде бүгінгі күні, өңірдегі 18 тойхана қызметін өзге салаларға бағыттап, қазіргі таңда тұрақты жұмыс жасап тұр.


Соның бірі, жеке кәсіпкер Оңалбеков Жандос Қуатбекұлы қала орталығында орналсқан «Хан Шатыр» тойхана ғимаратын «Kids Park kzo» атауымен отбасылық мейрамханасын ашты. Кәсіпкер жобаны іске асыру үшін 83 млн. теңге жеке қаражатын жұмсаған.


Кәсіпкер отбасылық мейрамхананы іске қосумен қатар 50 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


Отбасылық мейрамхана бір мезгілде 300 балаға дейін ойын-сауық алаңын және 200 орындық қоғамдық тамақтану қызметін ұсынады. Ойын-сауық алаңында балаларға арналған түрлі ойын аттракциондары, қызықты лабиринт, балалар мерекесі мен басқа да шаралар өткізуге арналған бөлмелер бар. Заманауи үлгіде жабдықталған орталықта келушілерге барлық жағдай жасалған.


Бұл бағыттағы жұмыстар аудандарда да іске асырылып жатыр. Алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<