Түркияда босқындарды қабылдауға қарсы жұрт бүлік шығарды

561

0

Түркия астанасында босқындарды қабылдауға қарсы халық бүлік шығырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Сириялықтардың елге қоныс аударуына наразы Түркия тұрғындары мигранттарға тиесілі дүкендерге, көліктерге және басқа да мүлікке шабуыл жасай бастады.

Анкарада сириялық босқын төбелес кезінде екі түрікті өлтіргеннен кейін шиеленіс күшейе түсті. Бұның соңы түріктердің Анкарадағы мигранттар тұратын аймаққа жаппай шабуылдарын күшейтті.

Әлеуметтік желілердегі фотосуреттер мен видеолардан полицейлер қоршауын бұзып, көліктерді сындырып, өртеп, дүкендердің терезелері мен үйлердің терезелеріне тас лақтырған адамдардың айқайлағанын көруге болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<