Түркиядағы орман өрті: Қызыл жалын Миластағы жылу электр орталығына жақындады

363

0

Түркиядағы орман өрті Кемеркөй қаласындағы жылу электр орталығына жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Кемеркөй Мұғла провинциясының оңтүстік-батысындағы Милас уезінде орналасқан. Хабарланғандай, желдің әсерінен өрт ЖЭО-ның сым қоршауларына жетті. Жылу электр орталығы аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Өртті сөндіруге су құйылған автоцистерналар мен өрт сөндіру көліктері жұмылдырылған.

Станция қызметкерлері эвакуацияланды, нысан аумағынан тез тұтанатын және жарылу қаупі бар материалдар шығарылды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<