Түркияға көмек

703

0

Бауырлас Түрік елінде бірнеше күннен бері жойқын жер сілкінісі тоқтар емес. Осының әсерінен қаза тапқандар саны сағат сайын көбейіп, бірнеше қалалар қирандыға айналды.

Бұл қайғылы оқиғаға біздің еліміз бей-жай қарамай дереу көмекке аттанып, демеушілер өздігінше жәрдемдесуге асықты. Солардың бірі – елге белгілі тұлға, «Абай-Дәулет» ЖШС-нің басшысы, қызылордалық меценат Мұрат Сәрсенбаев.

Ол зілзаладан зардап шеккен халықты уақытша баспанамен қамтамасыз ету мақсатында арнайы киіз үй жіберуге қомақты қаржы жіберді. Қазіргі таңда қараша үй жабдықтары құрастырылу үстінде. Сенбі күні Астана қаласынан Түркия еліне жүк көлігі жөнелтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<