Тұрғындарға тиімді болған жәрмеңке

345

0

Бүгін аудан орталығы – Әйтеке би кентінің Жанқожа Нұрмұхамедұлы көшесіндегі «Нұршуақ» автобекеті алаңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Мұнда Әйтеке би кенті мен 10 ауылдық округтерден және жеке кәсіпкер “Сұлтан” өнімдерінен 19 көлікпен 32 тонна өнім әкелініп, базар бағасынан 10-15 пайыз төмендетіліп сатылды.

Мәселен, 10 тонна қауын, 2 тонна асқабақ, 5 тонна жуа, 7 тонна картап, 1 тонна балық, 4 тонна қызанақ және басқа да 3 тонна ауыл шаруашылық өнімдері балықтары тұрғындарға ұсынылды.

Тұрғындарға тиімді болған жәрмеңкеге аудан әкімі Мұхтар Оразбаев арнайы барып, өнім бағаларына назар аударды. Сондай-ақ, тұрғындармен сөйлесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы өнімдеріңің жәрмеңкесі алдағы уақытта Әйтеке би кентіндегі 5-ші квартал аймағында және Қазалы қаласында ұйымдастырылатын болады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<