Тұрмыстық қалдықтар кәдеге қалай жаратылып жатыр?

933

0

Қызылорда облысы бойынша экология департаменті облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында баспасөз турын өткізді. Шара барысында ақпарат құралдарының өкілдері полигонға келіп түсетін қалдықтарды өңдеу және сұрыптау жұмыстарымен танысты. Соңғы жылдары елімізде тұтыну қалдықтары айналымын ретке келтіру жұмыстарына аса жоғары мән беріліп, олардың заңдаңдастырылған, экологиялық және санитарлық талаптарға сай арнаулы орындарда жинақталуына баса назар аударылуда.

Қызылорда қаласы бойынша қоршаған ортаны қорғау және экологиялық ахуалын жақсарту бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, мемлекеттік – жекешелік әріптестік механизмі бойынша тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының сұрыптау кешені құрылысының жұмыстары аяқталды. Жаңа полигон Қызылорда қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау кешенінің объектісі 19.08.2020 жылы қабылданды. Полигон учаскесі Қызылорда қаласының шегінен тыс, Белкөл ауылынан батысқа қарай 7,5 км жерде орналасқан және оңтүстіктен М32 автожолымен, батыстан және солтүстіктен – әрекетсіз каналмен, шығыстан – бос жермен шектелген.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыруға 20,0 га учаске бөлінген.Қызылорда қаласындағы қалдықтарды сұрыптау полигоны, ҚТҚ полигонына тұрғын үйлердің, қоғамдық ғимараттар мен мекемелердің, сауда, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының қалдықтары, көше және бақша сметалары, құрылыс қалдықтары және 3-4 қауіптілік сыныбындағы қатты өнеркәсіптік қалдықтардың кейбір түрлері қабылданады. Технологиялық шешімдерге сәйкес аумақ пайдаланылатын және резервтік болып бөлінеді. Ауданы 12,1079 га Жобаланатын объектінің резервтік аумағы ҚТҚ көмудің және осы учаскелерді рекультивациялаудың екі картасы толтырылғаннан кейін игерілетін болады. ҚТҚ қабатын инертті материалмен сыртқы ортадан жабу (оқшаулау) жолымен қалдықтарды орталықтандырылған жинауға арналған.

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Экологиялық Кодексте тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына қатысты біршама жаңа экологиялық талаптар енігізілген. Атап айтқанда, жаңа Кодекстің 350-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала сұрыптамай көмуге тыйым салынады, полигонда көмуге арналған қалдықтардың көлемі мен қауіпті қасиеттері олар полигондарға түскенше азайтылуға тиіс. Сондай-ақ, жаңадан салынып жатқан тұрмыстық қатты қалдықтардың полигондары сүзуге қарсы экранмен (противофильтрационный экран) жабдықталуға тиіс.

Сонымен қатар жаңа Кодекстің 351-бабына сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарында пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың фрагменттері, пластмасса, пластик және полиэтилен қалдықтары, полиэтилентерефталат қаптамалары, макулатура, картон мен қағаз қалдықтары, құрамында сынап бар шамдар мен аспаптар, шыны ыдысты, шыны сынықтары, түсті және қара металдар сынықтары, литий, қорғасын-қышқылды батареялары, электрондық және электр жабдықтарын міндетті түрде сұрыптау көзделуге тиіс екендігі айқындалған.

Осы ретте, әрбір елді-мекендердің халық саны өсімін есептей отырып және ерекшеліктеріне байланысты типтік жобадағы бірнеше үлгіде полигон жобаларын жасап, әрбір елді-мекенге үйлестіру қажет. Жинақталған қалдықтар бүгінгі күні қалдық болып саналғанмен келешек қайталама пайдаланатын шикізат болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<