Туған жер – тұнған тарих

444

0

Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінде «Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар» бірлестігінің жетекшісі Нұргүл Скакованың, бірлестік оқытушыларының ұйымдастыруымен «Цифрлық әлемге – кемел біліммен» тақырыбында апталық өтті. 

Апталық аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні оқытушылары Ақнұр Махмутова мен Сандуғаш Ибрагим «Өрлеу» БАҰО АҚ кәсіби дамыту институтымен бірлесіп «Туған жер – тұнған тарих» тақырыбында жыр мүшәйрасын өткізді.

«Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген даналық сөз бар. Оның әр адам үшін маңызы жоғары. Туған жер тақырыбын арқау еткен өлең додасына  студенттер қатысты.

Жыр жәрмеңкесінің ашылуында Қызылорда жоғары көпсалалы колледж директоры Азамат Қалманұлы қатысушыларға тілектестігін білдірді.

Өлең құрылымы, мазмұны мен тақырыпты аша білуі, ұтымды ұйқас табуы – бәрі-бәрі бағалау барысында ескеріліп отырды.

Ақындар мүшәйрасына «Өрлеу» біліктілік арттыру орталығының аға оқытушысы Жанар Құлымбетова, Қызылорда Ашық университеті, «Педагогика» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, жас ақын Роза Шынжырбай, Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің кітапханашысы Ақзира Сейіл қазылық жасады.

Мүшәйра қорытындысы бойынша Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің студенті Дінмұхаммед Шаймерден жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орын Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің студенті Аяулым Тәңірбайға табысталды. Жиырмаға жуық ақын бақ сынаған мүшәйрада үшінші орындармен Қызылорда Авиценна медициналық колледжінің студенті Ақниет Жиенбай және «Болашақ» университеті жоғары колледжінің студенті Айжан Дүйсенғали марапатталды. Барлық қатысушыларға Алғыс хат табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<