Үздік салық төлеуші марапат төрінде

312

0

ФОТО

ҚР-ның Ұлттық валютасы – теңге күніне орай Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылдың қорытындысымен «Үздік салық төлеуші» және «Сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» номинациялары бойынша жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Барлығы 20 номинация белгіленген шарада экономиканың әртүрлі салаларында табысты жұмыс істейтін адал салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жетістіктерін, бизнесті адал, ашық және жүргізіп отырғанына мақтау айтылып, ҚР-ның экономикалық өсуінде кәсіпкерліктің дамуының маңыздылығы қозғалды.

Марапаттау сәтінде «Салық салудың жалпыға бірдей белгіленген режимі – көлік және қоймалау» номинациясы бойынша 2022 жылдың қорытындысымен «М.Т.Транс сервис-2010» ЖШС жеңімпаз атанды. Кешке арнайы қатысқан облыстық мәслихат депутаты Ибайдулла Тілепке марапатты Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, Астана қаласы Әкімдігінің Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының директоры Бибигуль Такисова табыстады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<