Ұсыныс-пікірлер ескеріледі

569

0

Қызылорда облыстық мәслихатында депутат Шәменова Балжан Мөрәліқызының төрағалық етуімен экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Онда кезекті сессияның күн тәртібіне ұсынылған «Қызылорда облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №153 «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесі бойынша Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Н.Қордабай хабарлама жасап, облыстық бюджеттің өзгерістер мен толықтыруларын егжей-тегжей баяндап берді.

Сонымен қатар, «Қызылорда облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қазандағы №474 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысы О.Искаков диспансерлік есепте тұрған балаларға арналған дәрі-дәрмекпен толықтыру керектігін хабарлап өтті.

Тұрақты комиссия отырысында депутаттардың айтқан ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, шешім жобасы бірлескен отырыстың күн тәртібіне ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<