Уақыт белдеуі бір сағатқа шегерілді

375

0

Фото: ашық дереккөз

Үкіметтің «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қаулысына сәйкес Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат кейінге шегерді.

Айта кетейік, ел аумағында уақыт белдеуін теңестіру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар жұмыс тобын 2023 жылдың сәуір айында құрған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<