Қылмыстық сотта семинар сабағы өткізілді

360

0

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысын оқып-үйрену тақырыбында семинар сабағы өткізілді.
Іс-шараға сот төрағасы А.Сабыров, судья Д.Алиев, кеңсе меңгерушісі Қ.Сарсенбаева  және сот қызметкерлері  қатысты.
Семинарда судья Думан Алиев баяндама жасады. Баяндамада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 20.04.2018 жылғы №4 «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысының талаптарын айтып, сот үкімі – қылмыстық іс бойынша бүкіл іс жүргізудің қорытындысы шығарылатын құқық қолданудың аса маңызды актісі болып табылатындығын және оның заңды болу қажеттілігін айтып өтті.
Қызылорда облысының 
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған 
ауданаралық  сотының  баспасөз  қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<