ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

774

0

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ Астананың 20 жылдық  мерейтойы қарсаңында және Қазақстан полициясы күніне орай, Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің үш қабатты жаңа ғимараты және бөлім жанында салынған арнайы мекемелер ғимараты қолданысқа берілді.

Ашылу салтанатына қатысқан облыс  әкімі Қырымбек Көшербаев ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында қабылданып жатқан шаралар аумақтағы криминогендік ахуалды тұрақтандырып, бақылауда ұстауға өз септігін тигізетіндігін атап атап өтті.

«Облыс орталығында Ресей Федерациясының Самара облысының тәжірибесі  назарға алынып, жаңа үлгідегі 14 стационарлық полиция бекеттері орнатылды.Осы бекеттердің республика бойынша бірінші болып Қызылорда облысында енгізілгенін мақтанышпен айтуға болады», – деді облыс әкімі.

Атап өтейік, 2014-2017 жж. Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 5,7 млрд. теңге бөлініп,  Ішкі істер органдарына 159 бейнебақылау, 196 қызметтік автокөлік алынды және Жедел басқару орталығы күрделі жөндеуден өтіп толық жаңғыртылды. Сондай-ақ, 1,8 млрд. қаржыға  Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жабдықтары нормаға сәйкес 100 пайыз қамтылды.

2017 жылы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі қызметкерлерге жаңа полиция бекеттерін ашу үшін 23 үй-жай салынды. Сондай-ақ, 2018 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін Ішкі істер департаментінің базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 794 млн. теңге бөлінді.

Әкімшілік ғимарат барлық нормаларға сәйкес салынған.

Ашылу салтанаты барысында облыс әкімі жаңа ғимаратты аралап, кезекші бөлімнің жұмысымен танысты.  

Сондай-ақ, бүгін Қызылорда облысының әкімдігінде Полиция күніне орай салтанатты шара өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев полиция қызметкерлерін құттықтап, бірқатар жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.

                                                             

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<