Жанар-жағармай қымбаттайды

530

0

Фото: ашық дереккөз

Ішкі жанар-жағармай нарығын тұрақтандыру үшін Қазақстан мен көршілес елдер арасындағы баға айырмашылығын азайту қажет. Сондықтан біз қиын, бірақ қажетті қадам жасауымыз керек».

Күні кеше Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, АИ-92 және АИ-93 маркалы бензинге баға литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өспек. Баға өсімі өңірлерге байланысты болатын тәрізді. Дизель отынының бағасы литріне 295 теңгені құраса, орташа есеппен өсім – 20 пайыз.

Қазіргі төмен бағамен қанша жанармай өндірілсе де, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмайды. Бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге «ағын» жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер нәтиже бермейтін көрінеді.

«Жанармай бойынша төмен бағаны сақтау мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны жақсартуға мүмкіндік бермей отыр» деп толықтырды Б.Ақшолақов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<