Жаңғырту жұмыстары қарқын алды

581

0

Жылу маусымының басталуына бір айдан аз уақыт қалғандықтан,  дайындық қарқынды. Өткен маусымда бірнеше мәрте құбыр жарылып, жұртшылық әбігерге түскен.

Осындай олқылықтың ал­дын алып, тозығы жеткен құбырларды ауыстыру, жалпы жылу маусымына сақадай сай болуы үшін биыл салаға 1917,4 млн теңге бөлінді. Оның 1190,2 млн теңгесі «Жұ­мыспен қамтудың жол картасы» аясында қаралса, 600 млн теңгесі облыстық бюд­жеттен бөлінген. Ал қалған 127,2 млн теңге Қызылорда жылу электр орталығының қа­зынасынан.

– Тоқмағамбетов көшесінің Желтоқ­сан көшесімен қиылы­сатын тұсынан бастап, №3 ІТ лицейге дейінгі аралықта «Ерқанат сервис» ЖШС жұ­мыс істеп жатыр. Бүгінде жұ­мыстың 75 проценті аяқ­тал­ған. Ал бөлінген қаржы­ның 55 проценті игерілді. Бұл жерде 1,3 ша­қырым құ­быр жаңартылып жатыр. Құ­­бырдың ауыстырылғанына 25 жыл­дан астам уақыт өтіпті. Біз қазір гер­ман технологиясымен Қарағандыда шы­ға­рыл­ған ка­розияға төзімді құбырлар са­лудамыз. Оның үстіне, жет­кізгіштігі жо­ғары, ал жылу шығыны төмен болады. Бұл құбырлар кем дегенде 30 жылға дейін жарамды, – дейді Қызылорда жылу электр ор­талығының жылу желі­ле­рінің басшысы Бақытжан Молди­манов.

Дәл осындай жұмыс қала­ның бірнеше бөлігінде жүзеге асып жатыр. Бөкейханов кө­ше­сінің Шоқай көшесімен қиылысынан бастап Шүкіров көшесі арқылы Шұғыла ша­ғын ауданындағы №52 үйге дейінгі аралық – соның бірі. Мұнда да қызу жұмыс қарқыны байқалады, жұмыс 95 процентке бітіп тұр. Жоба құны – 340 млн теңге.

– Биыл қалада жаңғыр­ты­лып жатқан 7 нысанның да әбден тозығы жетіп, ауыс­тыру қажеттігі туған. Алын­ған құбырлардың 70 про­центі мүлдем жарамсыз. Авто­вокзал аумағында, дәлі­рек айт­қанда, Иассауи мен Бө­кей­хан көшелерінің қиылы­сы­нан Жеңіс көшесіне дейінгі аралықта магистральді желі­ні жаңғырту жүргізілуде. 1,5 шақырым аумақ түгел ауыс­тырылып, жаңа құбыр халық игілігіне беріледі. Бұйыртса, 1 қазанда жылу жүйесіне су жіберіп, сынақ жүргіземіз. Соған дейін осы нысандардың барлығы істеліп біту керек, – дейді Б.Молдиманов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<