Жария тыңдау өткізіледі

326

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – департамент) «Қазсушар» ШЖҚ РМК «Сыр суы» филиалының (бұдан әрі – филиал) суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру, сарқынды суды бұру қызметтері бойынша бекітуге берілген тарифтерінің жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтетінін хабарлайды.

Жария тыңдаулар өткізіледі:

– 2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 11.00-де Қызылорда облысы, Арал ауданы, Арал қаласы, Бақтыбай батыр көшесі 56, қалалық мәдениет үйі;

– 2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 15.00-де Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Аймауытов көшесі 68, мәдениет үйі;

– 2024 жылғы 3 желтоқсанда сағат 11.00-де Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Қорқыт ата көшесі 1, мәжіліс залы;

– 2024 жылғы 3 желтоқсанда сағат 15.00-де Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, Мұратбаев көшесі 16, Төретам кенттік клубы;

– 2024 жылғы 4 желтоқсанда сағат 11.00-де Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі 7, «Руханият» орталығының мәжіліс залы;

– 2024 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15.00-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі 8, Мәдениет үйі;

– 2024 жылғы 5 желтоқсанда сағат 10.00-де Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кенті, Сығанақ көшесі 4, «Арман» кинотеатры;

– 2024 жылғы 5 желтоқсанда сағат 15.00-де Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Шиелі кенті, Рысқұлов көшесі 3, мәдениет үйі.

– 2024 жылғы 6 желтоқсанда сағат 10.00-де Қызылорда қаласы, Тасбөгет кенті, Құнанбаев көшесі 1Н, филиал ғимараты.

Жария тыңдауға қатысу үшін депутаттар, жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың, БАҚ, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және тұтынушылар шақырылады.

Сонымен қатар, барлық аудан тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Facebook әлеуметтік желісіндегі департаменттің ресми парақшасында жария тыңдауларға (https://www.facebook.com/profile.php?id=100030142456862) қатыса алады.

Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.          

Қосымша сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7242) 26-23-67, 27-79-74.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<