Жас босанған аналарға наурыз-базарлық ұсынылды

250

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Аралдықтар кеше Шаңырақ күнін атап өтті. Ал кез-келген шаңырақтың сәні, мәні, базары – бала. Аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов пен Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының ұжымы 17 наурыз – Шаңырақ күні мерекесі қарсаңында босанған аналарға және құндақтаулы нәрестелеріне «Наурыз-базарлық» ұсынды.

Тәтті ұйқыда жатқан бөбегін құшақтаған бақытты аналарға Кете-Төлеби Досымжанұлы мен аурухананың бас дәрігері Б.Қуанышбаев ізгі лебіздерін арнап, шаңырақ шаттығын тіледі.

Өз кезегінде аналар мерекемен құттықтап келген аудан әкімінің орынбасары мен аурухана ұжымына риясыз алғыстарын білдіріп, балалары болашақта елдің азаматы болады деген аналық тілектерін жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<