Жас отбасыларға арналған тренинг өтті

1058

0

 «QOSYL» қалалық жастар ресурстық орталығында  «Ашық азаматтық қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығының ұйымдастырумен, жастар арасында отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының «Тәрбие және білім» бөлімінің меңгерушісі Әлима Әбдіқалықовамен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында отбасындағы дәстүр, тәрбие жайында сөз қозғалды.

Жас отбасыларға арналған кездесу психологиялық семинар-тренингке ұласты. ҚР психологтар қауымдастығының мүшесі, «Бітім-Медиация» орталығының психолог маманы  Назира Аймаханова еркін форматта жастар мен жас отбасыларға арналған семинар-тренинг жүргізіп, отбасы туралы көптеген тың ақпараттар беріп, сергіту сәтінде қызықты ойындар ұйымдастырды. Тренинг соңында Назира Кенжебекқызы белсенді қатысушыларға өзінің жеке қабылдауына сертификаттар табыстады. Тренинг қатысушылардың көңілінен шықты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<