Жас спортшылар жетістігі

226

0

Фото: Арал ауданы әкімдігі

Үстіміздегі жылдың 15-17 наурыз күндері аралығында панкратионнан Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында өткен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында аралдық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді.

Атап айтар болсақ, №220 орта мектептің 9 сынып оқушысы Серікбай Бақытжан 73 кг салмақ дәрежесінде І орын, №71 орта мектептің 7 сынып оқушысы Нұрсайын Нұрдаулет 35 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын, №260 орта мектептің 5 сынып оқушысы Кемалов Диас 46 кг салмақ дәрежесінде және №14 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушысы Шарапатов Нұрперзент 34 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар, Серікбай Бақытжан панкратионнан мамыр айында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама иеленді.

Спортшылардың жаттықтырушысы Сауытбаев Фараби. Жеңістеріңіз құтты болсын!!!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<