Құрылтай

Жауапты маусымғадайындық қалай?

5

0

Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал қандай? Алдағы жылу маусымына дайындық қай деңгейде? Осы мәселелер облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте талқыға түсті.

Мәлімдеулерге қарағанда, жауапты маусымға әзірлік бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Оған 7,8 млрд теңге қаржы жоспарланған. Бұл қар­жыға 8,7 шақырым жылу желісін жаңғырту жобасы аяқталып, №1 және 2 газ-урбина­лық қондырғы, 1,3 шақырым жылу желісі, 1 қазандық, 1 турбина және 10 автономдық қазандық, негізгі және қосалқы қон­дырғылар жөнделеді. Бүгінде жұмыстың 68 пайызы орындалған.

Мемлекет басшысының қолдауымен «Акса Энерджи» түрік компаниясы Қы­зыл­орда қаласында 240 МВт электр энергиясын және 277 Гкал жылу энер­гиясын өндіретін жылу-электр орталығын салды. Жоба бойынша қуаттылығы 176 МВт 2 газ-турбиналық қондырғы, 95 МВт бу турбинасы, қуаттылығы 120 тн/сағ 2 бу қазандығы мен 150 Гкал/сағ 4 жылу қазандығы орнатылған.

Бүгінде жылу орталығы толық іске қосылып, 240 мегаватт электр энергиясы өндірілуде. Қуаттылығы 150 МВт 4 су жылыту қазандығы жұмыс істеп тұр. Алдағы жылу беру маусымында Қызылорда қаласының тұрғындары жаңа станция арқылы жылумен қамтамасыз етіледі.

«СБ» ақпарат