ЖАҢҒЫРУҒА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

383

0

Елбасының биылғы Жолдауында өркениетті дамыған елдердің даму көшіне ілесудің уақыт талабы, мемлекет дамуының айқын бағыттары нақтыланған.

Елбасы цифрлық кезеңнен қа­лыс қалмауға басты назар ау­дарды. Цифрлық технология мем­лекетімізде қабылданып жат­қан шешімдердің ашық­тығын қам­тамасыз етеді. Халықтың пі­­кірі ескеріледі деген сөз. Бұл бір жағынан жұмыс сапасын арт­тыруға оң ықпалын тигізбек.

Жолдауда аталған 10 мін­деттің барлығы елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-ло­гис­­­тика, инфрақұрылым, ком­у­налдық құрылыс, заманауи тех­нология, адами капитал, тиім­ді мемлекеттік басқару және «ақыл­ды қалалар», «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көте­рілген.

Жолдауда айтылған алтыншы міндет – қаржы секторын қайта жаңғырту азаматтардың қа­жет­­­тілігі үшін несиелік бағ­дар­ламаларды кеңейтуді тап­сырды. Бұған қоса әлеуметтік саясат пен адами капиталға да ерекше ден қойып отыр.

«Тиімді мемлекеттік басқару» деп аталатын Жолдаудағы же­­тін­­ші міндет елімізде биз­нес кли­матты жақсартуға ба­ғыт­­талған. Сонымен қатар, мем­­лекеттік қыз­метшінің жаңа бейнесін қалыптастыру мін­деті де тұр. «Әкімшілік шы­ғындарды азайту үшін ведо­мствоға бағынышты нақ­ты қажетті ұйымдарды мүм­кіндігінше біріктіру керек. Боса­ған қаражатты мемлекеттік қыз­метшілердің факторлық-бал­дық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыт­тау қажет» деп атап көрсетті Елбасы Жолдауда.

Өркениет көшіне ілескен елімізде жемқорлықпен күрес жалғаса береді. Себебі, жем­қор­лық жойылмайынша, же­тіс­­тікке жету мүмкін емес. Жол­дауда тоғызыншы мін­дет ре­тін­де. Азаматтардың конс­ти­туциялық құқықтарына кепіл­дік­ті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қор­ғау қыз­метін ізгілендіру жұмыс­та­рын жалғастыру қажет. Қо­ғам­дық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету са­ласында көшелерде және көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, аза­мат­тарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын ин­теллектуалды жүйелерді бел­сенді түрде енгізу керек деп атап көрсетілген.

 

Т.ОСПАНОВ, 

облыс бойынша қазынашылық 

департаменті басшысының орынбасары.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<