Жемқорлықсыз жарқын өмір

748

0

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарына сәйкес «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі» тақырыбында сурет және сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам- жарқын болашақ кепілі» тақырыбындағы сырттай эссе байқаулары болып өтті.

Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру, «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру, сонымен қатар оқушылардың көркемдік қиялын, эстетикалық талғамын жетілдіру, оқушыларды шығармашылық әрекетке тарту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын дамыту мақсатында өткізілген болатын.

Осы тұрғыда өз ойларын еркін жеткізе білуде аталмыш сурет байқауы бойынша №111 мектептің 8 сынып оқушысы Тоқшылықов Райбек, №107 мектептің 7 сынып оқушысы Слам Диас, №272 мектептің 9 сынып оқушысы Бодықова Гаухар ІІІ орын, №269 мектептің 9 сынып оқушысы Тлектесов Бекнұр, №279 мектептің 9 сынып оқушысы Мұқан Ақгүл ІІ орын, №26 мектептің 7 сынып оқушысы жүлделі І орын иеленді.

Эссе байқауы негізінде №269 мектептің 8 сынып оқушысы ІІІ орын, №85 мектептің 9 сынып оқушысы Алдамұратов Талғат, №273 мектептің 8 сынып оқушысы Қаратаева Ұлдай ІІ орын, №272 мектептің 8 сынып оқушысы Қазиева Жансая жүлделі І орын иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<