ЖОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН ІС

413

0

Мемлекет басшысы биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту бағытында «Жасыл» техно­логияларға инвестиция салу үшін бизнесті ынталандыру, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керектігін тапсырды.
Бұған дейін Елбасы Жар­лығымен 2013 жылы Қазақстан Республикасының «жасыл эко­но­­микаға» көшуі жөніндегі тұ­жы­рымдамасы бекітілгені бел­гілі. Бұл тұжырымдама жаңа тұрпаттағы экономикаға кө­шу кезеңінде терең жүйелі жаңар­туларға негіз қалады. Тұжырымдаманың негізгі ин­ди­каторларының бірі – 2030 жылға қарай өңделген қал­дықтардың үлесін 40%-ке дейін жеткізу.
Осы ретте биылғы Жолдауда да шағын және орта кәсіпкерлікті қалдықтарды кәдеге жарату, қайта өңдеу және жою саласын дамытуға болатыны айтылып өтті. Бұл – экологиялық заңнама саласында тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және жоюда елеулі жаңалық болмақ. Осы арқылы шетелдік және отандық инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін тартымды инвестициялық ахуал жасауға жол ашылады.
Қазіргі таңда өңірімізде жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті жұмыстар бас­талып кетті. Шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тартып, тұрмыстық қатты қал­дықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және қайта өңдеуде кәсіпкерлерге белсенді қолдау көрсетілуде.
Бүгінгі күні кәсіпкерлер тұрмыстық қатты қалдықтардан шатыр жамылғысын (черепица) және жаяу жүргіншілер жолына арналған төсеніштер (брусчатка) жасап шығаруда.  Сон­дай-ақ, «Smart Rubber» ЖШС автокөліктердің жарамсыз дөңге­лектерінен резең­ке ұн­тақ­тары мен тамшылатып суару­ға арналған түтіктерді  өндіруде.
Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік аясында Қызылорда қала­сында тұрмыстық қатты қал­дық­тарды сұрыптау кешені және полигон құрылысын салу жоспарлануда.
Сонымен бірге, қалдықтарды басқару мәселесін кезең-кезеңі­мен шешіп келеміз. Осы ретте, полигондарды экологиялық және санитарлық талаптарға сәй­кестендіру мақсатында облыс­тық бюджеттен полигон құры­лысына  қаржы бөлініп келеді.
Осындай шараларды жүзеге асыру арқылы біз өңіріміздің эко­­логиялық ахуалын жақсарта оты­рып, шағын және орта кәсіп­кер­­лікті барынша дамытуға жол ашатын боламыз. Бұл өз ке­зеңінде жұмыс орындарын кө­бейтіп, халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға сеп болмақ.
А.ӘБДУАЛИЕВ,
облыстық табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу
басқармасының  басшысы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<