Құрылтай

Абыройлы азамат

5

0

Белгілі журналист, өзіммен аралас-құралас, тонның ішкі бауындай сырлас, әріптес ініміз Пахмаддин бүгінде үш жиырма бестің белесіне шығып, қадірменді қария атанды. Әрине, сеніммен сертке жету, азамат атын жоғары қойып, өзгеге үлгі-өнеге көрсету оңай шаруа емес. Осы жолда еңбектену, іздену, тапсырылған іске деген жауапкершілік, өз міндетіне деген зор сүйіспеншілік қажет.

Мен білетін, елу жылдың кө­лемінде танысып, біркісідей сый­­ласып, аға мен інідей үзбей ара­ласып жүрген қаламдас әріптесім Пахмаддин Айнақожаев сөз қадірін түсірмейтін қарияға айналды.

Енді Пахмаддинның өмір жолы, атқарған қызметіне аз-кем тоқтала кетсек. Ол 1951 жылы шілдеде Жаңа­қорған топырағында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1968 жылы ау­дандық баспа­ханада линотипист-на­ладчик болудан бастаған. Бұл кеңестік дәуірдегі газет шығаруда, әріп теруде ең маңызды жұмыстың бірі болатын. Ол бүгінгідей тех­никаның жетілмеген кезі.

Елгезек, жазу-сызуға бейім, талап иесі Пах­маддин газеттің кор­­ректоры, еңбекші хаттар мен ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, газет редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Газеттің жұмыс жоспары, жазу мә­нері, хабарлары мен мәліметтері қысқа әрі нұсқа болатын. Өйткені партияның талабы, тап­сырмасы со­лай. Аудандағы мың-сан жұмыс­тың жетістігі мен кемшілігін жа­рия­­лап, оның қо­ры­тындысын ба­қы­лау, сынға жауап алу газет қа­ламгерлерінің міндеті еді. Осындай жұ­мыстың ортасында қайнап, тө­селген ол мол тәжірибе жинады. Бас­пахананың директоры бол­ған тұста әріп терушілердің, газет басу­шы­лардың, баспахананың ма­­те­риалдық жағдайын тұрақ­тан­дыруға күш салды.

Еңбегімен көрінген соң ДОСААФ комитетінің төрағасы қыз­метіне жоғарылады. Одан әрі аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінде нұсқаушы, еге­мендік алғаннан кейін аудандық әкімшілікте ұлтаралық қатынастар комитетінің төрағасы, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, ұйым­дас­тыру-бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз хатшысы қыз­меттерін абыроймен атқарды.

Кеңестік кезеңде үгіт-насихат бөлімінің негізгі міндеттері бұқара арасындағы үгіт-насихат, саяси-көпшілік, экономикалық оқулар секілді қолмен ұстай алмайтын қылдай нәзік жұмыстар еді. Мереке сайын көшелер мен мекемелерге ілінетін лозунг пен шақырулардың өзі бір бөлімге жүк болатын.

Қабілет-қарымы мен тын­ды­рым­ды­лығының арқасында ол  аудан­ның қоғамдық-саяси өміріне белсене ара­ласты. Ұйымдастырушылық қа­­бі­­летімен таны­лып, әрбір тап­сыр­маны тиянақты орындады. Адал еңбектің, абыройлы ісінің нәти­жесінде басшылықтың құр­метімен 2015 жылы зейнет дем­алысына шықты.

Онан кейін де қоғамдық жұ­мыстан қол үзбей келеді. Бүгінде аудандық ардагерлер кеңесі төр­ағасының орынбасары, «Ар­да­герлер мерейі» газетінің бас ре­дакторы. Кәсіби журналист бол­ған­дықтан газеттің жоғары маз­мұнда, уақытылы шығарылуына, ар­дагерлерге жеткізілуіне күш салады. Орынбасар ретінде арда­герлердің жер-жердегі бастауыш ұйымдарына практикалық көмек көр­сетіп, заңды құқықтарын қор­ғау жолында да тынбай ізде­не­ді. Ау­дандық ұйымның жұ­мы­сын үйлестіру, пленум, алқа, кон­­ференция материалдарын да­йын­­дау да міндетінің бірі.

Қаламгердің жаңақорғандық И.Әбді­кәрімов, С.Шаумаханов, С.Дал­дабаев, Қ.Қалмырзаев, Б.Шо­манов сынды тұлғалар туралы жаз­ған мате­риал­дары кезінде жылы қа­былданды. Ол бірнеше кітаптың редакторы. Әңгімелері мен эссе­лері рес­публикалық, облыстық басы­лымдарда жарық көрген.

 Пахмаддин Айнақожаев – ҚазГУ-дің түлегі, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Баспасөз сала­сындағы қажырлы еңбегі үшін бірнеше марапатқа ие болған.

Жаңақорған ауданының құр­метті азаматы Пахмаддин Айна­қожаев жуырда Қазақстанның құр­метті журналисі атанды.

Өмірлік жары Ұлтуар Қаш­қыновамен отау құрғанына биыл 50 жыл болып отыр. 6 ұл – қыз тәрбиелеген. Бәрі де жоғары білімді, әр салада еңбек етуде.

Файзулла САХИЕВ,

ақын, Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі,

Жаңақорған ауданының құрметті азаматы