Әріптесті еске алды

12

0

Өткен демалыста облыс орталығындағы «Еуразия» спорт кешенінде белгілі журналист Ерқанат Сәрсенбайұлын еске алуға арналған шағын футбол турнирі алғаш рет өтті. Өмірден ерте кетсе де артында өшпес із, жарқын естелік қалдырған азамат, білікті маман, қарымды журналист, елге сыйлы әріптес есімін ұлықтауға облыс және қала әкімдігі қолдау көрсетті.

Турнирдің ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары А.Нұр­ма­ғанбетов, облыс әкімінің бас­па­сөз хатшысы С.Шаха­нова, «Сыр ме­диа» ЖШС директоры М.Арал­ба­ев, республикалық «Егемен Қа­зақ­­стан» газе­тінің меншікті тіл­шісі М.Жетпісбаев және Ерқанат Сәр­сен­байұлының анасы Алтынгүл апа қатысушыларға сәттілік тіледі.

– Қамшының сабындай қысқа ғұмырында айналасына жиылған жұрт­тың бірін аға, бірін дос, бірін бауыр қыл­ған жайсаң жан, қалам қуа­тымен елге танылған Ерқанат Сәр­сенбайұлы журна­листикадан бө­лек, ішкі істер органы, дін және ха­лық­қа қызмет көрсету орталығында қызмет істеді. Баспасөз қызметі мен телевизияда абыройлы еңбек етіп, ақпарат саласында өзіндік қол­таңбасын қалдырды. Білімі, ұйым­дас­­тырушылық қабілетімен абыройға бөленді. Жақсы ісімен ел жадында қал­ған оның ұстанымы адамгершілік еді. Азамат есімі халық жадында сақталуына, бұқаралық спорттың дамуы мен жастарға патриоттық тәр­бие беруге үлес қоссақ деген мар­құмның отбасы, бауырлары және достарына алғысым шексіз, – деді Арнұр Нұрмағанбетов.

Мұнан соң облыс әкімінің бас­пасөз хатшысы С.Шаханова аймақ бас­­шысының арнайы құт­тық­тауы мен тағайындаған қаржылай қорын Ерқанат Сәрсен­байұлының анасына табыстап, ұйымдас­тырушыларға өз лебізін білдірді.

Спорттық шараға жергілікті БАҚ өкілдері мен мемлекеттік ме­ке­­мелерден құралған 6 команда қа­тысты. Алты сағатқа созылған ша­ғын футболдың үздіктері белгілі бол­ды. Жарыс қорытындысымен І орын­ды «Qyzylorda» телеарнасының командасы иеленді. ІІ орын рес­публикалық басылымдардың мен­шік­ті тілшілерінен құралған командаға бұйырса, ІІІ орынды «Сыр медиа» ко­мандасы еншіледі. Сондай-ақ өзге де қатысушы топтар жүлдесіз қал­ған жоқ. Мұнан бөлек, «Үздік қақ­пашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» номинациялары жекелей табысталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы диплом, кубок-медальдармен және қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Ержан ҚОЖАС,

«Сыр бойы».

Суретті түсірген

Нұрболат НҰРЖАУБАЙ