Әскерге барудан жалтарып жүрген жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

1996

0

Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің жанынан құрылған ақпараттық түсіндірме тобы, Талаптан ауылдық округі, Бала би ауылында әскерге барудан жалтарып жүрген жастарға адрестік жұмыстар жүргізді.

Ақпаратық топ құрамында аудан әкімі аппараты, аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі және Талаптан ауылдық округінің мамандары қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру кезінде, ата-аналарға әскерден жалтарып жүрген 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының әрбір азаматына қылмыстық іс қозғалып, айыппұл салынатындығы ескертілді.

Сонымен қатар, балалары студент ата-аналарға, баласының оқып жатқандығы жөнінде оқу орынынан анықтама алдыру керектігі ескертілді. Мұндай түсіндірме жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<