Атқарушы хатшының жұмыс сапары Қармақшы ауданында жалғасты

209

0

Фото: Аманат партиясы

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова кеше Қармақшы ауданында болып, партия активімен бас қосты, деп хабарлады Syrboyi.kz.

Алқалы жиында аумақтық филиалдың, партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының, «Қараөзек» бастауыш партия ұйымының, сонымен қатар партия атынан сайланған Қуаңдария ауылдық округі әкімінің сайлауалды уәделеренің орындалуы бойынша 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен қатар, партия алдындағы міндеттер пысықталды.

Қармақшы аудандық филиалында 18 бастауыш партия ұйымына топтасқан 4 мыңға жуық партия мүшесі бар. 500 ден астам партия мүшесі бар 1 бастауыш ұйым жұмыс істейді.

Есепті мерзімде партияның аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне барлығы азаматтардан 391 өтініш тіркеліп, олардың 206-ы оң шешілген.

Әрбір стратаны қамтитын партиялық жобалар да мақсатына сай жұмыс жасауда. Мәселен, өткен жылы азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 723 азамат оқу курсынан өтсе, ауылдағы азаматтардың табысын арттыруға негізделген «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 83,1 млн. теңгені құрайтын 12 жоба қаржыландырылды.

Аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері Сайлауалды бағдарлама индикаторларының орындалуына жүйелі бақылау жүргізіп, фракция отырыстарында көтерілген мәселелерге қатысты тиісті органдарға депутаттық сауалдар жолдаған.

Партия негізі болып табылатын бастауыш ұйымдар аумақтағы қордалнған мәселелердің алдын- алу мен партияның ел игілігіне бағытталған жұмыстарын жергілікті халыққа жеткізуде белсенді жұмыс жасап келеді.

Әрбір бағыт бойынша атқарылған жұмыстарды саралаған партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л.Төрешова, партия активі алдына Сайлауалды бағдарламалардың орындалуы, қоғамдық қабылдау бөлмесіне тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру, партиялық жобаларды жүзеге асыру барысында сайлаушылармен жүйелі және тиімді жұмыс жүргізу, бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жандандыру, партия атынан ұсынылған ауыл әкімдерінің жауапкершілігін күшейтіп, сайлауалды уәделерінің орындалуын қадағалау сияқты бірқаттар міндеттер қойды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<