«Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз хатшысы тағайындалды

347

0

Фото: СПК Байқоңыр

«Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының баспасөз хатшысы қызметіне Бекбол Қаратайұлы тағайындалды.

Бекбол Қаратайұлы 1997 жылы 21 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде журналист мамандығын бітірген.

Еңбек жолын «Alashinform.kz» ақпарат агенттігінде журналист ретінде бастаған.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында PR менеджер, ШЖҚ «Қызылорда Су жүйесі» МКК-де баспасөз хатшысы лауазымдары бойынша қызмет атқарған. Бүгінге дейін Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз хатшысы қызметін абыроймен атқарып келді.

«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<