«Бір ай өмір үшін күресті»: Танымал спортшы 20 жасында қайтыс болды

370

0

Фото: Ресей конькишілер одағы

Уфада шорт-тректен 20 жастағы спортшы Анастасия Середа қайтыс болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Ресей конькишілер одағына сілтеме жасап хабарлайды.

«Конькишілер үлкен шығынға ұшырады . Анастасия Середа қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, өлімге жұқпалы аурудың асқынуы себеп болған. Анастасия желтоқсанның басында тұмаумен ауырып, жарыстарға қатысуды тоқтатқаны белгілі.

Кейін жағдайы нашарлап, асқынып ауруханаға түсті. Артынша спортшы комаға түсіп, кейін оны құтқара алмаған. Қыз Саранск қаласында жерленеді.

Середа Мордовия мен Санкт-Петербургте ойнады. 2019 жылы ол Ресейдегі ең мықты алты спортшының бірі болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<