Дефлимпиада ойындарының жүлдегері Ләззат Бақтиярова қайтыс болды

432

0

abainewskz

Семейде Дефлимпиада ойындарының қола жүлдегері Ләззат Бақтиярова өмірден озды. Бұл туралы сенбі, 8 шілдеде белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Abai News Тelegram-арнасына сілтеме жасап.

Семейлік спортшы дзюдодан түрлі әлемдік турнирлер мен чемпионаттарда Абай облысының абыройын асқақтатты.

Ол Әлем чемпионатының, XXIV Жазғы Дефлимпиада ойындарының және Азия-Тынық мұхиты елдерінің бірінші ойындарының қола жүлдегері болды.

Облыстық спорт басқармасы Ләззат Бақтиярованың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бір ай бұрын, 9 маусымда спортшы Семей әкімінің қолынан тұрғын үй қорынан «Қарағайлы» шағынауданындағы жаңа пәтердің кілтін тегін алған болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<