«Еңбек –елдің мұраты»

228

0

Фото: Автордан

Еңбектің зейнетін көру адам өміріндегі үлкен белестердің бірі, сол белеске жету жолында төгілген тер, еткен еңбек еленіп бағаланып жатса нұр үстіне нұр. Еңбегі еленіп, бейнеті бағаланған азаматтың бірі, Қуанышбайұлы Бақтияр.

Жүйрік уақыт мағыналы ғұмырыңыздың биік бір белесіне жетті. Осындай кемел кезеңге тың жігермен, емен-жарқын көңілмен келдіңіз. Адам баласының өміріндегі бел-белестердің бәрі де елеулі болса керек. Ал 63 жастың орны мүлдем ерекше. Әрбір адамның өзіне тән өмір жолы, тыныс-тіршілігі болады. Десе де сіңірген еңбегі, көрген бейнеті мен татқан зейнеті, шыққан асу-белестері әр қилы. Өнегелі өмір жолында сыйластық пен достықтың үлгісін көрсетіп, үлкенге құрмет, кішіге ізет боларАға сізге деген құрметіміз зор. Ағам, қызмет жолында қажыр-қайратыңыз арқылы абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде өзіңізді таныта білдіңіз.

Алтын ағам, еңбегіңіз еленіп құрметті демалысқа шыққан қуанышты күніңіз құтты болсын! Еткен еңбегіңіз бен төккен теріңіз аз емес. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, ауырмай-сырқамай немере, шөберенің ортасында абыз ата деген атты иеленіп жүре беріңіз!
Мерейлі мерекеңіз құтты болсын, Ағам менің!
Талай күндер төккен термен өткен күн,
Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
Талай жылдар тағылымы толысып,
Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
Еленді еңбек қуаныштымыз бәріміз,
Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
Ғұмырыңыз ұзақ болсын деп тілек білдіреміз!

Ауыл шаруашылығы қашаннан өндіріс саласы. Әсіресе егін егіп, ерінбегеннің еңбегі еш кетпейтінін, еңбектенгеннің еңсесі биік екенін ұғынған, несібесін Жер-Анадан жиып-терген еңбеккерлер қауымы жақсы біледі. Ал осы саланың көш ілгері болуы, өңіріміздің дамуына тікелей әсер етеді.

Қызылорда облысындағы Сырдария ауданында береке-бірлік пен тынымсыз еңбектің арқасында аймақтағы ең көрікті елді мекенге айналған Нағи Ілиясов ауылы.

Жалпы ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар жетерлік,солардың бірегейі Нағи ауылының озат бригадирі Қуанышбайұлы Бақтияр. Көп балалы әке, Ерлан, Едіге, Бек ұлдарында еңбекке ерте араластырып, маңдай термен тапқанның дәмі тәтті болатынын түсіндірдіп, көрсетуде.
Бақтияр Қуанышбайұлы еңбек өтілін күріш егуден бастап, адал, ерен еңбегімен 2005 жылы № 1 бригадының бригадирі болып тағайындалды.«Еңбек – өмір мәні» десек, Қуанышбайұлы Бақтияр адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген еңбек озаты.

Еңбектің де ең үздігі бар демекші, ала жаздай дала төсінде еңбек етіп мол өнімге қол жеткізген еңбек озаты мен үздік нəтиже көрсеткен Бақтияр Қуанышбайұлы арнайы марапатталып, бағалы сыйлықтарда табысталды. Еңбек озаты Бақтияр Қуанышбайұлына су жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Жастардың еңбек жолына бағыт беріп, оларды еңбекке баулу мен тәрбиелеуде үлес қосып жүрген Қуанышбайұлы Бақтияр «Абзал и К» компанияның 10, 15 жылдығының медалінің иегері .

Жер – жомарт. Қасиетті жер-ананы қадірлеп, күтіп баптаған адам қашанда мол табысқа кенеледі. Өйткені «Еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген даналық сөз тегін айтылмаса керек-ті. «Сыр күріші – ел ырысы» екені әмбеге аян. Бүгінде Ақмешіттің ақмаржаны әлемдік деңгейде танылып жүр. Бұл дала дарабоздарының еселі еңбегінің жемісі.

«Абзал и К» өнімі бүгінде әлем нарығында тауар өндірушілермен бәсекелесетін дәрежеге жетті. Компания күріші осылайша төрткүл әлемнің сауда орталықтары сөрелерінен өз орнын қалыптастырып отыр. Бұл біріншіден сапасы жағынан кез келген тұтынушының талғамына сай табылады. Сыр агроөндірушілері күріш дақылын әлемдік талапқа сай технологиямен ақтауды жүйелі жолға қойған. Компания ұжымы өз өнімдерін әлемдік нарыққа шығару бағытында ізденісті жұмыстарын жетілдіре жүргізуде. Бұл еңбек өнімділігін еселеп, кәсіп көкжиегін кеңейте түсуде. Бұл еліміз үшін де үлкен жетістік. Дала дарабоздарының еңбегі еленіп, марапат мінберінен көрінер «Алтын күз» мерекесін де жұмысшылар еңбегі еленіп, марапатталады.

Сайын дала төсіндегі қызу тіршілік берекелі болып, ел несібесі артса – ер еңбегі еленгені. «Абзал и К» ұжымының ұстанымы осы.

Анар Қуанышбаева

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<