Еуропада да TikTok желісіне тыйым салу ұсынылды

133

0

Фото: Нұрболат Нұржаубай

АҚШ-та TikTok жұмысын тоқтатқаннан кейін Еуропа елдері де аталмыш желіге тыйым салу идеясын көтерді. Бұл туралы Syrboyi.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Эстония сыртқы істер министрі Маргус Цахкна АҚШ-тан үлгі алып, TikTok-қа тыйымды Еуропада да қарастыру керегін айтты.

Мұны Эстония шенеунігі X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.

«Соңғы жылдары біз TikTok-тың жалған ақпарат таратып, сайлау кезінде манипуляциялау алаңына айналатынын көрдік. Оның үстіне ауқымды деректер жинауы қауіпсіздікке үлкен нұқсан белгілі. Еуропада да TikTok-қа тыйым салуды қарастырған жөн», – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынғаны айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<