Біріккен Араб Әмірлігінен ақжолтай жаңалық! 10-13 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында пара жеңіл атлетикадан «FAZZA – 2025» әлемдік Гран-При сериясының жарысы өтуде, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Әлемнің мықтылары бас қосқан бәсекеге ҚР Ұлттық Паралимпиадалық құрама командасының сапындағы қызылордалық спортшымыз Жоламан Еламан ядроны итеру жарысында (F35/36 класы) үздік нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Спортшымыз дәл осы нәтижесі арқылы еліміздің жаңа рекордын орнатты.
Ал, ұзындыққа секіру (F46 класы) бойынша Мақсат Мейіржан – ІІІ орынға ие болып, қола жүлдені қанжығаға байлады.
Біріккен Араб Әмірлігінде өтіп жатқан әлемдік додада 42 елден келген 370-тен астам спортшы жеңіл атлетикадан сынға түсуде.
Спортшыларымызды жүлделі орындарымен құттықтаймыз!
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<