ІХ Азаматтық форумның облыстық кезеңі өткізілді

278

0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Асыл мұра – Орда» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Жаңақорған ауданына қарасты «Талдысу» жазғы тынығу лагерінде «Әділетті Қазақстанның» қалыптасуындағы азаматтық қоғам бастамасының дамуы» атты ІХ Азаматтық форумның облыстық кезеңі өткізілді.

Таза ауа, әсем табиғат аясында өткен форум бұрынғыдан өзгерек. Қатысушы үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдардың кызметкерлері ашық аспан астында еркін форматта азаматтық қоғамды дамытудың бірқатар өзекті мәселесін талқылады. Жиынды «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясының» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Жарылқасынқызы жүргізді.

Форумның алғашқы ашылу сөзін облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Әбілқасымұлы бастап, «үшінші секторға» мемлекеттен көрсетіліп жатқан қолдаулар, облысқа қарасты аудандар мен қала орталығындағы даму лебі туралы атап өтті. Басқарма басшысы бұл бастаманың болашақта да өз жалғасын тауып, сапалы жұмыс көрсететінін де тілге тиек етті. Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі қолданбалы идеялар мен бастамаларды көтеріп, азаматтық белсенділермен бірлескен жұмыс жоспарын талқылауды мақсат еткен бұл форумда қатысушылар тәжірибе алмасып, түрлі ұсыныс-пікірлер айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<