Кәсіптің көзін тапқан

437

0

Фото: Қазалы ауданы әкімдігі

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін мемлекет қолға алған бағдарламалардың бірі – «Ауыл аманаты» жобасы.

Жоба – халықтың табысын арттыру, ауыл тұрғындарын аграрлық бизнеске тарту, азық-түлік қауіпсіздігін және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Аталған бағдарлама жеке кәсіп ашуға немесе бұрыннан бар кәсіпті дамытуға мүмкіндік береді. Ал, бұл жобадан Қазалы ауданының тұрғындары да қалыс қалған жоқ. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Толқын Бижанова.

Тәтті өнімді шығаруды қолға алғанына екі ай уақыт болған жеке кәсіпкер мемлекеттің кәсіпкерлерді қолдау мақсатында ұсынып отырған “Ауыл аманаты” жобасы бойынша 2,5 пайызбен 6,5 миллион теңге несие алған. Иелеген қаражатпен цехты қажетті құрал-жабдықтармен толықтырған. Екі бірдей ғимаратты жалға алып жұмыс жасап отырған Толқын Кемалбайқызы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Бүгінгі күні «Толқын тәттілері» атауымен түрлі торттар шығарып, халыққа ұсынып отырған кәсіпкердің ендігі мақсаты – дүкенін кеңейту.

Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<