Конституция

Облыстық «Жазғы оқу сайысы» байқауы қорытындыланды

7

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы аясында Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы мектеп оқушылары арасында облыстық «Жазғы оқу сайысы» байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру, көркем әдебиетті насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Маусым айында жарияланған байқауға облыстың ауылдық, аудандық және қалалық кітапханаларынан барлығы 120 оқушы қатысты. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай үш топ бойынша бақ сынады:

– «Балдырған оқырман» – 7-9 жас;

– «Зерделі оқырман» – 10-12 жас;

– «Білімпаз оқырман» – 13-14 жас.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша облыстық финалға 22 оқушы жолдама алды.

1 шілде күні Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен шешуші кезеңде облыстың түкпір-түкпірінен келген үздік оқырмандар ұсынылған әдеби шығармалар бойынша білімдері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылар әдеби шығармаларды талдау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, сыни ойлау қабілеті және шығармашылық әлеуеті бойынша бағаланды.

Байқауға қарымды қаламгер, жазушы, журналист Қ. Әбдуов, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Г. Қожахметова,Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Сырымбаева, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі А. Беккулиева және Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының бөлім меңгерушісі Б. Жұбандықова қазылық етті.

Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар төмендегідей анықталды:

«Балдырған оқырман» тобы:

– І орын – Болат Жансая (Қызылорда қаласы);

– ІІ орын – Болат Айсұлтан (Қызылорда қаласы);

– ІІІ орын – Жұбатқан Айым (Арал ауданы).

«Зерделі оқырман» тобы:

– І орын – Жолбосын Фатима (Қызылорда қаласы);

– ІІ орын – Романқызы Мерей (Жалағаш ауданы);

– ІІІ орын – Ертуған Алихан (Арал ауданы).

«Білімпаз оқырман» тобы:

– І орын – Боранбай Әйгерім (Жалағаш ауданы);

– ІІ орын – Әбділлахан Дидар (Жаңақорған ауданы);

– ІІІ орын – Дастан Самал (Қызылорда қаласы).

Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты, Қызылорда облысы бойынша «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшысы Е. Искендер, суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Д. Тойшыбаев және «Шериф-Н» ЖШС-нің бас директоры А. Тасқараев демеушілік көрсетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен (велосипед) салтанатты түрде марапатталды.

Облыстық «Жазғы оқу сайысы» жас оқырмандардың кітап оқуға деген ынтасын арттырып, әдебиетке қызығушылығын дамытуға және кітап оқу мәдениетін насихаттауға өз үлесін қосты.