«Қалаулым» бағдарламасымен көпшілікке танымал Бердах Бекетов Қаңтар оқиғасындағы тәртіпсіздікке қатысы бар деп айыпталған болатын, деп хабарлайды Syrboyi.kz.
Сот оны бірнеше бап бойынша кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бердах Бекетовке Қаңтар оқиғасы кезінде «Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалды. Полиция оны 2022 жылғы 22 қаңтарда көшеде ұстаған еді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<