Қазақ ұлттық стиліндегі этно бұрыш

992

0

Жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу аясында қалада Ұлттық заттарды көрсететін этно бұрыш ұйымдастырылды.

Жобаны кәсіпкер Адель Досмағұлова «Бизнестің жол картасы-2025» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде әзірледі. Мұнда тұрмыстық заттар, ұлттық киімдер, сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық-тұрмыстық заттар, ыдыс-аяқтар ұсынылған.

– Біздің идеямызды жүзеге асыру үшін бізге қайтарымсыз грант көмектесті. Сонымен қатар, жинаған қаражатымызды инвестицияладық. Өткен көктемде ТЖ паркінде этно бұрыш орналастырылды. Қазір жаңадан ашылған «Бидай» мейрамханасының өкілдерімен келіссөздер жүргізілуде.

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<