Құрылтай

Құттықтау жеделхатын жолдады

9

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құра­ма­сының фут­болдан Әлем бірін­шілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүр­кін Әлем чемпионы атануымен құттықтады.

– Ұлттық құрамаңыздың жо­ғары шеберлігі, үйлесімді коман­далық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жанкүйерді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақстанда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерекше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз арасындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сон­дай-ақ жастар арасындағы байла­ныстарды тереңдетуге зор серпін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фе­липе­нің ел мүддесіне ба­ғыт­тал­ған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.