Қызылорда облысының ПД бастығы зейнетке шықты

714

0

Қызылорда облысы бойынша полиция департаментінің жеке құрамы Мұхтар Қожабаевты зейнеткерлікке шығып, жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Мұхтар Қожабаев зейнеткерлікке шығуына байланысты салтанатты шара өтті. Салтанатты шара барысында ұзақ жылдар бойы басшылық қызмет атқарған Мұхтар Қожабаев атқарған игі істері туралы айтылды. Қиындығы мен қызығы мол салада өзінің таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, сол салада адал еңбек ете жүріп, зейнеткерлікке шығу үлкен абырой.

Мұхтар Қожабаев ішкі істер органдарында 1992 жылдан бастап қызмет атқарып, өзінің біліктілігі мен кәсібилігін таныта білген жан. Ішкі істер саласының білікті маманы, тәжірибелі тәлімгер ретінде М.Қожабаевтың абырой-беделі жоғары. Алға қойған тапсырманы адалдықпен атқарып, жас буынға үлгі бола білді.

Шара соңында Қызылорда облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлері Мұхтар Аманқұлұлының адал еңбегіне алғыс білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі. Маңызды өмірлік тәжірибе мен ұзақ еңбек жылдары артта қалды. Еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Мұхтар Қожабаев әріптестері мен жас қызметкерлерге тілегін айтып, жеке құрамға алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<