Қызылордада «Тақиядағы жүгіріс» сайысы алғаш рет өтті

258

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

2025 жылғы 10 мамыр күні Қызылорда облыстық Татар этномәдени орталығының онкүндігі аясында алғашқы рет – «Тақиядағы жүгіріс» сайысы өтті.

№4 мектеп маңындағы Арбаттан басталған шараға түрлі жастағы қатысушылар жиналып, ұлттық бас киім – тақия киіп, жарыс жолына шықты.

500 метрден 1000 шақырымға дейінгі қашықтықта өткен жүгіріс сайыстары ерекше көңіл-күй сыйлап, қызықты сәттерге толы болды.

Жас ерекшелігіне қарай 5 кезеңнен тұратын жарысқа:
– ардагерлер,
– бастауыш сынып оқушылары,
– орта және жоғары сынып оқушылары,
– жастар қатысты.

Шара соңында барлық қатысушылар мен жеңімпаздар марапатталып, керемет әсермен тарқасты.

Ұлттық мәдениет пен спортты ұштастырған бұл бастама дәстүрлі шараға айналарына сенеміз!
Ұйымдастырушыларға және қатысушыларға үлкен алғыс!