ӘРБІР БАҒЫТ ӘЛЕУЕТТІ АРТТЫРАДЫ

349

0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Б.Еламанов, М.Бақтиярұлы Елбасының «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты дәстүрлі Жолдауын және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін Қызыл­орда қаласының активі­мен бірге талқылады. 

 Жиында сенаторлар ел дамуына тың серпін, жаңа қарқын беретін бағдардың артықшылықтары, күті­летін нәтижелері туралы айтты. «Бес әлеуметтік бастаманың» Қызылорда қаласында қолға алынған ауқымды істерге тигізер оң әсері мол бол­мақ. Әсіресе, жұртшылық жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жас­тардың жатақханадағы жағдайын жақсарту бастамаларынан үлкен үміт күтіп отыр.

Қызылорда қаласында соңғы жылдары ондаған жаңа ықшам аудандар салынғанын ескерсек, «7-20-25» бағдарламасы құрылыс саласының одан әрі дамуына негіз қалайды. Ал шағын несие беруді көбейту –  жаппай кәсіпкерлікті дамы­тудың қозғаушы күші әрі халық тұрмысын жақсартудың неғұрлым тиімді тетігі. Бұл жұмыс белсенді түрде жалғасқанда мыңдаған адам өз ісін ашуға мүмкіндік алады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<