Португалия жұлдызы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатында Испаниядан 1/8 финалда жеңілгенінен кейін көзіне жас алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойыннан кейін португалиялық футболшы көз жасына ерік берді. Өйткені бұл оның соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін.
Роналду турнирдің бес ойынында 90 минут ойнап, үш гол соқты – екеуі Өзбекстанға, біреуі Хорватияға қарсы.
Еске сала кетейік, Испания Португалияны жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына Микель Мериноның қосымша уақытта соққан голының арқасында жолдама алды.
Ширек финалда Испания АҚШ пен Бельгия арасындағы жеңімпазбен кездеседі.






