Солтүстік Қазақстанға қоныс аударғандардың әрқайсысына 100 мың теңгеден беріледі

951

0

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Солтүстік Қазақстанда 97 мың жұмыс орны ашылып, соның 57 мыңы тұрақты жұмыс орны болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Еңбек» бағдарламасы бойынша жыл сайын 25 мың адам жұмысқа орналастырылады», дейді министр. 

Сонымен қатар ведомство басшысы 10 мың оңтүстікқазақстандық солтүстік аймаққа қоныс аударатынын айтып өтті.

Бұл орайда әрбір қоныс аударушыға субсидия ретінде 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін берілетін болады. Министрдің пікірінше, ел тұрғындарын оңтүстіктен солтүстікке көшіру аймақтың демографиялық жағдайын жақсартады, әрі жұмыссыздықтың азаюына ықпал етеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<