Құқыққа қуат берген еді…

165

0

Фото: Автордан

Сізсіз өткен бір жыл осы ойларға түрткі болды Ұстаз!. Азаматтардың түйсігі мен танымына құқықтық әсер ететін шаралар жүйесі мен адамның  іс-әрекеттерінің құқықтық жауаптылығын анықтау қылмыстық құқық қызметін жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерін жете зерттеуден тұрса, бұл міндетті орындауда қоғамға қарызы жоқ Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаевтың орны ерекше. Қылмыстық құқықтық норманы орындау мен бұзбауды қамтамасыз етудегі мемлекеттің мәжбіреулердің рөлі, яғни мемлекеттік мәжбүрлеудің адам әрекетіне арақатынасы қылмыстық құқықтың қылмыстың алдын алу жүйесін жүзеге асыру әдісімен және тәсілдеріне қатысты алуан сұрақтарды қоғам  туындатса, оған жауап беру заңгерлердің еншісінде.

Әлем ұстазы әль–Фарабидың атын иеленген Қазақ Ұлттық университетінің профессоры болып қызмет атқарған, қылмыстық құқық пен криминология саласының ірі маманы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері  Арықбай Нүсіпәліұлы Ағыбаев 1941 жылдың 15 маусымында Алматы  облысы, Жамбыл ауданы, Талап селолық кеңесі, Қастек ауылында  дүниеге келді.  Арғы атасы Нарбота бидің  әділ шешімдеріның  санаға сәуле түсіруі жас дарынды әділдікпен күрестің кемеңгерлікті қажет ететін қиын жолына салып жіберді. 1967 жылы қара шаңырағымыздың заң факультетін Лениндік стипендияның иесі бола жүріп, үздік тәмәмдаған Арықбай Нүсіпәліұлы ғылыми кеңестің шешімімен Қазақ ССР Ғылым Академиясына жолдамамен жіберіледі.

Бұл жол кейіннен  болашақ ірі ғалымды КСРО Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтының аспирантурасына алып келді. 1970 жылдың қарашасынан 1973 жылдың наурызына дейінгі аралықта ғұлама ғалым П.С.  Ромашкиннің жетекшілігімен осы Академияның диссертациялық кеңесінде « Билікке және қызмет бабына қиянат жасағаны үшін қылмыстық жауаптылық» ( Қазақ ССР материалдары негізінде) деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Қылмыспен күрес сұрақтарының  жан-жақты талдануы қылмыстық жауаптылықтың да көп қырлы сипатын аша түседі, яғни, бұл жауаптылық түрі қылмыстық құқықтық қатынастың элементінің мағынасы соған сәйкес, қылмыстық жауаптылық  мазмұны жағынан құқықтық қатынастың бір бөлігі деген пікір қалыптастырады және қылмыстық жауаптылықты анықтау бір жақты болмауы керек, ол мемлекеттің қылмыс жасаушыға қолданатын құқығы мен оның оған түсірер ауыртпалығын біріктіріп қарастыратын құқықтық құбылыс. Ал бұл құбылысты қоғам назарына алып шыққан да А.Н.Ағыбаев.Қоғам мүшесін қылмыстан сақтандыратын күш ол адамның қылмыстық жауаптылықты сезіне білуі. Лауазымды адамдардың қылмыстық жауаптылығы туралы ғалым ғибраттарын зерттей келе түсінгеніміз:

  •  біріншіден, ғалым, қылмыстан жауаптылықтың  және оның дәстүрлі түсінігі, жасаған қылмыс үшін  заңды жауаптылығының туындауы тұлғаларға қылмыстық заңның берген тиісті еншісі  болып табылады бұл дегеніңіз,  қылмыстық заң арқылы мемлекеттік мәжбүрлеуге түсуді білдіретіндігін айта келе, қылмыстық жауаптылықты мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, яғни заңда белгіленген тиымдардың жүзеге асуы деп негіздеген;
  •   екіншіден, қылмыстық жауаптылық заңсыз құбылыстың тойтарушысы, бұл адамның  қылмыстық заң талаптарына, ұйғарымдарына бағыну міндеті ретінде кеңінен көрініс табуы ғалымның пайымдарынан басталған;

 А.Н. Ағыбаев – қылмыстық құқық  және  криминология ғылымы саласындағы ірі мамандардың бірегейі. Ол Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінің жобасын жасауға белсенді қатысты. Жалпы көлемі 670 баспа табақтан асатын 560-тан астам ғылыми еңбектердің авторы А.Н. Ағыбаев 26 ізденушінің кандидаттық диссертациясына жетекші, 4 ғылым докторына ғылыми кеңесші болды. Құқықтық  тыйым салудың мүмкіндігі және шынайы мәжбүрлеу қатынастары тек қана құқық нормаларын өз еркімен орындауды қаламайтын тұлғаларға ғана емес құқық бұзушылыққа қарсылық білдірмеген тұлғаларға да қолданылуы мүмкін екендігін ескерсек, ғалымның бұл салада біраз тер төккендігі белгілі.

Қылмыспен күрестің қоғамдық тәртіптің беріктігінің маңызды факторы ретіндегі құндылығы,  құқықтық жауаптылықтың құқық субектілерінің мінез-құлқын реттеуші ретіндегі маңызды аспектілері, құқықтық жауаптылық пен міндеттің өзара байланысы – қылмыстық құқықтық қатынастарды реттеудегі қылмыстық құқықтың реттеу қызметінің мәні мен мазмұнын ашатындығына жете тоқталу арқылы  А.Н. Ағыбаев жас ғалымдарға ой салады.  Бұл жерде азаматтардың қоғамдық қалыпты дамудың өзегіне айналған ережелерді сақтау және оларға бағыну міндеттерінің аясында көрініс табатын белсенді жауаптылық түрі мен белгіленген мінез-құлық ережелерін бұзғаны үшін белгілі бір жазаны қолдануға сәйкес пайда болатын ретроспективті жауаптылықты ажырата білу де маңыздылығы да ғалым назарында.

 Халықты құқықтық сауаттандыру мақсатында 1981-1990 жылдары Қазақ теледидарында «Адам, қоғам және заң» телехабарының қоғамдық негіздегі жүргізушісі болды. Бұны айтқан себебіміз, ең алдымен қылмыстық жауаптылық адамды құқық бұзушылығы үшін жауап беруге міндеттейді. Ретроспективті жауаптылық адамның бойындағы тұрақты құқықтық ұстанымдарының болмауынан пайда болатындығына, бұл жауаптылықты күшейтетін жауаптылыққа жататындығына,  жауаптылықты дәл осы бағандар бойынша түрін ажырату, оның сипатты жақтарының айқындалуы заңдық жауаптылықтың құқықтық табиғатын анықтауға да қатысты және  заңдық жауаптылықтың белсенді қызметінің жүзеге асуына да оның  адам санасына қылмыстың жалпы алдын алу мен сақтану әсерін қамтамасыз ету қызметімен тікелей байланысты болатындығына да ғалым өз зерттеулерімен көзімізді жеткізеді. 1998-2001 жылдар аралығындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кенесінің Ғалым хатшысы, мүшесі ретінде қазақ ғылымының қатарын жас ғалымдармен толықтыруға септігін тигізді. Қоғамдық оң көрсеткіштердің басты негізі: адам мәселесі дұрыс шешілмегенде, оның адамгершілік қасиеттері мен моральдік тұрақтылығы әлсірегенде туындайдын  қылмыстық жауаптылықтың орны ғалым еңбектерінің өзегі. Қылмыстық заңның мазмұнын қылмыс жасаған тұлғаның құқық мәртебесін шектеудегі мемлекеттік мәжбүрлеу қызметі мен қылмыстық жауаптылыққа тартылған тұлғаның құқықтық жағдайы да құрайтындығын,  қылмыстық заңның адамға  қоғам және мемлекет алдындағы өз жасаған қылмысының ауырлығы мен сол қылмыс үшін жаза өтеу қарызын сезіну  мен адами өмір сүрудің құндылығын түйсіну үшін қажет екендігін ескерту де профессор  А.Н. Ағыбаевтың еншісінде.

 Тарих пен құқықты бөле қарамайтын ғалым заң саласындағы ғылыми еңбектерімен бірге  әдебиет, тарих тақырыптарына да көптеген еңбектер жазды. Қарасай батыр, Сүйінбай, Жамбыл, Сұраншы, Сүттібай мен Нарбота би жөнінде жазған бірнеше тарихи очерктері санаға салмақ қосқандығы үшін  оған халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлық, Жамбыл ауданының «Құрметті азаматы» атағы берілді. Ғалым еңбегі елбасы  тарапынан да ескеріліп,  профессор  А.Н. Ағыбаевқа 2003 жылдың 8 желтоқсанындағы ҚР Президентінің жарлығымен берілген  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен бірге бірнеше медальдардың иесі ардақты ұстаз жетпістен де өз жетістіктерімен қуантуда. Жалпы ғылым адамы қартаймайды.

Сондай-ақ, қылмыс жасаған және қылмыстық жауаптылыққа тартылған әрбір тұлға да белгілі бір құқыққа ие дей отырып, қылмыскер – билік органының мәжбүрлеу шараларының объектісі ғана емес, сонымен қатар қылмыстық жауаптылықты қолданғалы отырған құқық иесіне деген қатынасты қалыптастырушы  субъекті де болып табылатындығын айта кеткен ғалым  адам мәселесінің бір бөлшегі ретінде оның әрекетінің қайнар көзі, өмір сүру дағдысы, қоғамға деген қатынасының мәні мен қылмысқа төзбеушіліктегі белсенділігін қоғам назарына ұсынатын кезді жіберіп алмауды да көздейді.  Жаһандану жағдайындағы  қылмыстылықпен күрес дегеніміз бұл өркениеттер қақтығысы, бұл құбылыстың  әлемдік қауымдастық алдына жаңа міндеттер қойғандығын ұстаздың әр шәкірті біледі.

А.Н. Ағыбаев – заң негізінде туындаған, мемлекеттің органдарының мемлекет атынан мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қылмыс жасаған адамға қарсы қолдануының құқықтық негізін, осыған орай қылмыс жасаған адамның жауаптылыққа тартылу міндеті және  жасаған қылмыстары үшін әділ соттың тағайындаған үкімі негізінде жазалануын қамтамасыз етуді жете зерттеген ғалым. Бұл жерде ғалым алдыңғы қатарға  мемлекеттің қылмыс жасаған адамға қарсы мәжбүрлеу шараларын қолдануын шығарып, сонымен қатар бір мезгілде кінәліні қылмыстық жауаптылыққа тарту мен  мемлекеттің  қылмыстық жауаптылыққа заңдық күш беретін белгілі бір актіні қолдану туралы сұрағына да жауап бере кетеді.

Қылмыс субъектісі мен мемлекеттік уәкілетті органдардың арасындағы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мен оны қабылдаудың құқықтық байланысын туындата отырып, қылмыстық жауаптылық пен қоғамдық қатынастың жиынтығын күзетеді, өйткені, қоғамдық қатынас біріншіден мүдделердің қатынасын, мүдделерді қорғаушы қылмыстық заңның негізгі өзегін қалыптастырады. Қылмыстан сақтандыруға күш беретін жалпы құқықтың маңызын ашудың жеткіліктілігіне күмәнінің болмауы ғалым үшін дәтке қуат.

Профессор А.Н. Ағыбаев  – адам сеніміне қуат беруші ғана емес, оның барлық мақсаттарын нақты әрекетке ұштастыру кезіндегі негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуші ұстаз. 

Біздің ойымызша ғалымның әр еңбегі – қылмыстық жауаптылықтың туындау мүмкіндігінен көрініс тапқан қоғамдық өмірдегі қылмыссыз қатынастарға негізделген мүдделер мен бостандықтар негізінде пайда болатын, заңмен қамтамасыз етілген, адам еркінің, рухани қажеттілігінің көрінісі, оның қозғалысы.

Біздің ұстаз өткенге және болашаққа деген көзқарасы мен құқықтық пайымдарын ешкімнен жасырған емес және қоғам ішінде жаңа қоғамдық немесе құқықтық қатынастың  пайда болуына, құқық субъектісінің позитивті қылмыстық жауаптылықты сақтауға деген белсенділігі және кепілдік берілген бостандығына жаңа серпін беруде тұлғалық қасиетін жоғалтқан емес

 Жауапкершілік сезімі жоғары  адамның қоғам және мемлекет алдында өзінің парызын сезіну дәрежесінің жоғарылығы қылмыстың пайда болуына тежеуші күш қана емес,   психологиялық сапа ретіндегі «парыз» ұғымының да пәрменділігін арттырса  А.Н. Ағыбаев  парызына – қарыз емес ғалым.

Профессор А.Н. Ағыбаев  – құқықтық үдерістердің қозғаушы күші бола отырып, оның құқықтық дамуына себепші болды; қылмыс жасағандарға мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, айыптау мен адам ниетіне қарай келген  зардаптың санаты ауысып отыруы мүмкін екендігін бағамдаған ұстазымыздың аты мен хаты мәңгілік өлмейді.

О.Н.Тлепбергенов,

әль- Фараби атындағы

ҚазҰУ қауымдастырылған

профессоры,

заң ғылымдарының кандидаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<