Республикалық мобильді қоғамдық қабылдау тобы қос ауданда тұрғындар тілегін тыңдады
Жұмыс аптасында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен Жаңақорған, Шиелі аудандарында республикалық мобильді көшпелі қабылдау өтті.
Мобильді қабылдауға партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің өкілі Азамат Жолданбаев, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімдері, облыстық мәслихаттағы депутаттық фракция мүшелері, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, денсаулық сақтау басқарма басшылары мен өкілдері, Әділет департаменті мамандары мен заңгерлер қатысты.
Аудандарда өткен көшпелі қабылдауларда тұрғындар жеке бастың емес, тұтас елдік мәселелерді алға тартты. Жаңақорғандықтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынан бастап алименттер төлеу, ауыл шаруашылығын субсидиялау, мүгедектік мәселелері және тұрақты жұмысқа тұру, елді мекендерді газдандыру мен Қосүйеңкі ауылына жаңадан клуб салу мәселелерін айтса, Шиеліде Қарғалы елді мекеніне Сырдария өзенінің үстінен автокөліктер өтетін көпір құрылысын жүргізу, Жөлек ауылына бала-бақша ғимаратын салу, Жансейіт және 21 бекет елді мекендеріне газ тарту, Ы.Жахаев ауылындағы ВЛ-10/0,4 кВт электрмен жабдықтау желілерін реконструкциялау жұмыстарына қолдау сұрады.
Мобильді қабылдау барысында ауыл тұрғындарының әлеуметтік, қоғамдық және өзге де ортақ түйіткілді мәселелерінің заңдылық аясында шешілуі бойынша жұмыстар атқаратындығы жеткізіліп, бағыт-бағдар мен кеңестер берілді.
Қос ауданда өткен қабылдауға 60 жуық тұрғындар келіп, партияға сенім білдірді.
«Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өткізілді
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Құқықтық көмек» партиялық жобасы аясында тақырыптық қабылдау өтті.
Шараға «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы А.Есмаханов, республикалық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкерлері Сағындық Жылқыбаев пен Азамат Жолданбаев сонымен қатар, облыстық әділет департаменті, облыстық адвокаттар алқасы, Түркістан-Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық заң консультанттары палатасының заң кеңесшілері, медиатор, заңгер, жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының өкілдері қатысты.
Тақырыптық қабылдауға 20-дан астам азамат келіп, банк несиелік қатынастар, еңбек даулары, банкроттық деп тану, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша өздерін толғандырған мәселелерге қатысты сала өкілдерінен қолданыстағы заң нормалары бойынша қажетті кеңестер алды.
Халықтың таза ауыз сумен қамтамасыз етілуіне мониторинг жасалды
Жұмыс аптасында партияның облыстық филиалының бастамасымен қалалар мен ауылдық елді мекендер тұрғындарының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі бойынша қолданыстағы, іске асырылып жатқан және жоспардағы мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың жүзеге асуы мен ауыз су сапасына мониторинг жасалды.
Кездесу барысында мамандар халықтың басым бөлігі ауыз суды бақшаға пайдаланып отырғандығын жеткізіп, ауыз суды үнемдеу бағытында жасалып жатқан жұмыстармен де таныстырды. Олардың айтуынша қыс мезгілінде қала тұрғындары 47 текше метр су пайдаланса, жаз мезгілінде 80-нің үстіне шығып кететіндігін айтады.
Зерделеуде аталған мәселе бойынша халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізу керектігі айтылды. Сонымен қатар партия тарапынан ауыз сумен жабдықтаушы тиісті мекемелер басшылары мен өкілдеріне тұрғындарды ауыз сумен қамту жұмысын сапалы және уақытылы жүргізу тапсырылды. Мәселе тұрақты түрде партияның бақылауында болатыны айтылды.
Ұлттық кітап күніне орай жас оқырмандармен кездесу өтті
Аптада «AMANAT» партиясының «Кітап-AMANAT» орталығында Ұлттық кітап мерекесіне орай жас оқырмандармен кездеу өтіп, ұлттық мерекенің мән маңызы ерекше насихатталды.
Жастармен болған кездесуге партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, партияның облыстық филиалының атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова қатысып, кітаптың адам қабілетіне, оның білім көкжиегін дамытудағы рөлі жөнінде ойларымен бөлісіп пікір алмасты.
Кездесу барысында жастармен отандық авторлар, олардың шығармалары төңірегінде жасырылған викториналық ойындар ойнатылып, үздік жастарға кітаптар сыйға тартылды. Кездесу соңында арнайы bookcrossing ұйымдастырылып, жастар өздерін қызықтырған кітаптарды саралады.
Ауыл балалары да «Art sport» бағдарламасының игілігін көру керек
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің бірлескен отырысы өтіп, онда «Аrt sport» бағдарламасының өңірдегі жүзеге асу барысы жан-жақты талқыланды.
Жиынға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, күн тәртібіндегі сұраққа жауапты облыстық басқармалар басшылары қатысты.
Атап өту керек, «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамыту, соның ішінде балалардың спорт, мәдени үйірмелерге тегін баруға мүмкіндігік жасау мәселелері қамтылған. Алайда балалардың спорттық және мәдени бағыттағы үйірмелерге тегін баруға мүмкіндігі, соның ішінде «Аrt sport» бағдарламасының іске асырылуы қоғамда кеңінен талқыланып,түрлі пікірлер туындаған болатын. «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл жөніндегі кеңес мүшелері бұл бағыттағы жұмыстарға мониторингте жасады. Жиын барысында мониторинг қорытындысы бойынша жинақталған ұсыныстар ортаға салынып, жауапты басқарма басшыларының есептері тыңдалды.
Жиын соңында «Аrt sport» бағдарламасын жетілдіруге қатысты кеңес мүшелері тарапынан көтерілген ұсыныстар жинақталып, тиісті деңгейінде жауапты органдарға жіберілетін болды.
«AMANAT»: «Үздіктер салтанаты» атты кітап фестивалі өтті
«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалына қарасты «Сәулет» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Үздіктер салтанаты» атты кітап фестивалі өтті.
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен мерекелік шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, партия ардагерлері мен кітапхана оқырмандары қатысып, ізгі лебіздерін білдірді.
Фестиваль аясында кітапхана ғимаратының алаңында қонақтарға «кітап жан азығы, өмір қазығы» атты жаңа кітаптар көрмесі, жас ақындар аллеясы, «Менің сүйікті кейіпкерім»тақырыбына сурет салу, «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы, Арт – территория шығармашылық алаңы және түрлі интеллектуалды ойындар мен кітап инсталляциялары ұсынылды.
Іс-шарада сондай-ақ кітапхананың тұрақты оқырмандары, мәдени көпшілік шараларға белсене қатысып жүрген бірнеше оқырмандар «Үздік оқырман-2025», «Отбасылық оқудың қуанышы», «Ең кішкентай оқырман», «Белсенді оқырман» номинацияларымен марапатталды.
«Таза бейсенбі»: Таза қала мен табиғи ландшафттар туристерді тартады
«AMANAT» партиясы Байқоңыр филиалына қарасты бастауыш партия ұйымдарының белсенділері Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырып, қалалық жастар саябағының аумағын қоқыстан тазартты.
Игі іске бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері, жалпы 40-қа жуық азамат үлес қосты.
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы – бұл жай ұран емес. Бұл көркейту – көгалдандыру, су айдындарын тазарту, экологиялық мәдени тәрбие жүргізу секілді еліміздің өзекті экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған кешенді бағдарлама. Аманаттықтар әр бейсенбіде «Таза бейсенбі» акциясын ұйымдастырып, осы жұмыстарға ат салысып келеді. Бұл аптада экологиялық акция барысында саябақ аумағынан 17 қап қоқыс жиналып тазартылды.
Тұрғындарға арналған жеке қабылдаулар өткізілді
Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұхтар Ниязов, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А. Егембергенов, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы М. Мырзабеков қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауларға 11 азамат өтінішпен келіп, 6 мәселе оң шешімін тапты, 5 өтініш иесіне заңнамалық кеңес берілді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<