Қызылордаға Кореядан делегация келді

186

0

Фото: Ассамблея Қызылорда

Кеше Қызылорда қаласына Кореядан және Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулдығынан арнайы делегация келді. Меймандар іс-сапар аясында Хон Бом До және Ге Бон У мемориалдық кешеніне барып, тарихи мұражай мен ескерткіштермен танысты.

Делегация мүшелері облыстық қоғамдық даму басқармасы, Қызылорда қаласының әкімдігі және “Қоғамдық келісім” КММ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мемориалды қайта құру мәселелері, сондай-ақ Қазақстан мен Корея арасындағы достық байланыстарды нығайту жолдары кеңінен талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<