2025 жылы 24 сәуірде Қызылорда қаласының Достық үйінде «Заң мен тәртіп – полиция бақылауында» тақырыбындағы кездесу болып өтті.
Кездесуге Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Баймырза Қожамберлиев мен мүшесі Болатбек Пұсырманов, Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы мен сала ардагерлері, офицерлері мен жеке құрамы, жоғары колледж студенттері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.
Кездесудің мақсаты – қоғамдағы заңсыздықты алдын алу, жастарды отансүйгіштік пен адал азамат болып қалыптасуға шақыру болып табылды. Шара заңсыздықпен күресу барлық сала өкілдері қатысатын көлемді сипатта болу керек, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік арқаламау үшін ең алдымен өмір сүретін еліңнің заңдарын білу қажет деген қорытынды пікірмен аяқталды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<